Хабарландыру » «№15 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№15 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)52-16-94
Есепші бөлімі:
+7(7262)52-13-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
июль
2023

Хабарландыру

📢 ❗️❗️❗️ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаменті соңғы уақытта БАҚ пен ата-аналардан мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектепалды сыныптардағы балалардың жасына, сондай-ақ тәрбиеленушілерді оқу жылының ортасында балабақшалар мен шағын орталықтардан, оның ішінде жекеменшік балабақшалардан шығару мәселесіне қатысты өтініштердің жиілеуіне байланысты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшыларының, мамандарының назарына келесі ақпаратты жеткізеді.
🔰Мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектепалды сыныптардағы балалардың жасы, балаларды шығару және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы.
🔰Мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарындағы балалардың жасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс) орналастыру тәртібі нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен реттеледі.
🔰«Білім туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда балалар 1 жастан бастап 1 сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленеді. 1-сыныпқа балалар алты жастан бастап қабылданады (Заңның 31-бабы).
🔰Мектепке дейінгі ұйымдар жыл бойы жұмыс істейді - тәрбиелеу-білім беру процесі оқу жылында (1 қыркүйектен 31 мамырға дейін) жүзеге асырылады және жазғы-сауықтыру кезеңінде сауықтыру, шынықтыру шаралары (1 маусымнан 31 тамызға дейін) жүргізіледі.
🔰Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының 12-т. талаптарына сәйкес (ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.08.2022 ж. № 385 бұйрығы) «мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде тәрбиеленушілерге инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді».
🔰Мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында (ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 ж. № 381 бұйрығы) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға (1 жастан бастап және 1 сыныпқа қабылданғанға дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға) мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі айқындалған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырыстың көлемі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.  
🔰Мектепке дейінгі ұйым мен ата-ананың арасындағы өзара қарым-қатынас баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау кезінде жасалатын шартпен реттеледі, онда тараптардың құқықтары мен міндеттері, өзара жауапкершілік тетігі белгіленеді, сондай-ақ шарттың қолданылу мерзімі көрсетіледі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы).
🔰Мектепке дейінгі ұйымдарда жас топтары жыл сайын 1-31 тамыз аралығында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы жас кезеңі және жас топтары бойынша талаптарды ескере отырып құрылады (ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.08.2022 ж. № 348 бұйрығы).
🔰Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардан басқалары жыл сайын 1 тамызға дейін мектепке дейінгі ұйымнан шығарылады (ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.08.2022 ж. № 385 бұйрығы).
🔰1 қыркүйектен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балалар 1 сыныпқа қабылданады (ҚР Білім және ғылым министрінің 12.10.2018 ж. № 564 бұйрығы).
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив