Бөбекжай-бақша тарихы
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№15 бөбекжай -бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ТАРИХИ АНЫҚТАМАСЫ Завод ауданының халыққа білім беру бөлімінің 1989 жылғы 31 желтоқсандағы бұйрығына сай, №100 «Қарлығаш» балабақшасы атауымен ашылды. Қалалық орындау комитетінің №790 шешімі бойынша №100 «Қарлығаш» қазақ балабақшасы Завод ауданына берілді. Жамбыл қалалық әкімшілік басшысының 1992 жылғы 17 шілдедегі №1210 Шешімі негізінде №100 балабақша қалалық білім бөліміне берілді.