Бөбекжай-бақша тарихы » «№15 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№15 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)52-16-94
Есепші бөлімі:
+7(7262)52-13-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бөбекжай-бақша тарихы
27
май
2019

Бөбекжай-бақша тарихы

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№15 бөбекжай -бақшасы»  

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

ТАРИХИ АНЫҚТАМАСЫ

Завод ауданының халыққа білім беру бөлімінің 1989 жылғы 31 желтоқсандағы бұйрығына сай, №100 «Қарлығаш» балабақшасы  атауымен ашылды. Қалалық орындау комитетінің №790 шешімі бойынша №100 «Қарлығаш» қазақ балабақшасы Завод ауданына берілді.

Жамбыл қалалық әкімшілік басшысының 1992 жылғы 17 шілдедегі №1210 Шешімі негізінде №100 балабақша қалалық білім бөліміне берілді.

Жамбыл облысы  Әділет  басқармасы бастығы Б. М. Мамытовтың 1999 жылғы 10 мамырдағы №697 бұйрығына сай, №2626-1919-М-е 1997 жылғы 25 ақпандағы  «Қарлығаш» №100 балалар бақшасы мектепке дейін тәрбиелеу» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік регистрден шығарылып, «№100 балалар бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып тіркеуге алынды.

Тараз қаласы әкімінің 2002 жылғы 26 тамызындағы №1260 Шешіміне сай, «№100 балалар бақшасы» мемлекеттік мекемесі сәйкесінше «№100 мектеп-балабақшасы» мемлекеттік мекемесі кешені  атауына өзгерген.

Тараз қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 ақпандағы №26 «Білім беру ұйымдарын қайта атау туралы»  Қаулысына сай, "Тараз қаласы әкімі білім басқармасының №100 мектеп-балабақша» мемлекеттік мекеме кешені сәйкесінше  «Тараз қаласы әкімдігінің білім және спорт бөлімінің №15 мектеп-бала бақшасы» мемлекеттік мекеме кешені   болып атауы өзгерді.

2006 жылғы 19 қаңтардағы қаулы негізінде «Тараз қаласы әкімдігінің білім және спорт бөлімінің» атауы «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» болып өзгертілді.

Тараз қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 мамырдағы №469 Қаулысының негізінде және Тараз қаласы білім бөлімінің 2006 жылғы 19 шілдедегі №122 т.2 бұйрығына сәйкес, «Тараз қаласының №15 балабақша бастауыш мектеп кешені» 2006 жылғы 1 қыркүйегінен бастап «Тараз қаласының білім бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын №15 балабақшасы» болып қайта құрылды.

Тараз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қарашадағы  Қаулы негізінде «Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №15 балабақша» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды.

Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 мамырдағы №329 Тараз қаласы әкімдігінің әкімшілік бағынысындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар атауларын өзгерту туралы Қаулысына сай, «Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №15 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  сәйкесінше «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» болып атауы өзгертілді.

Тараз қаласы әкімдігінің 09.07.2018  жылғы №1545 қаулысы негізінде «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№15 бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив