27
март
2024
Рахымберді Алия бөбекжай-бақшаның мерекелік кештерінде қонақта
Адам баласы – өмір бойы педагогикалық, психологиялық көмекке зәру болмақ, әсіресе оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста, яғни ынтымақтаста болуы маңызды.
Консультативтік орталықты құрудың мақсаты – отбасы мен әлеуметтік тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, білім беру ұйымдарына баратын және бармайтын балалардың жеке тұлғасының жан-жақты дамуына қолдау көрсету.