Біз туралы » «№15 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№15 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)52-16-94
Есепші бөлімі:
+7(7262)52-13-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2019

Біз туралы

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№15 бөбекжай-бақшасы» МКҚК 1990 жылдан бастап қызмет жасайды. Оқу-тәрбие  жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Бөбекжай-бақшада 12 топ бар. Жобалық сыйымдылығы 280 орын. Тәрбиеленушілер саны 300. 

Мақсаты: Жалпы ұлттық деңгейде мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту, адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту. 

Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

* балалардың өмірін және денсаулығын корғау;

* тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және  жеке тұлғалык дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

* сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету;

* азаматтылықты, казақстандық патриотизмді, адам құкығы мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған  табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

* баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау;

* ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, окыту, дамыту және денсаулығын корғау бойынша консультативтік және  әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

* білім беру - тәрбие үрдісін ұйымдастыру және методикалық қамтамасыз етуін жетілдіру;

* мемлекеттік білім беру органдары белгілеген стандарттарды сақтай отырып, тәрбие-білім беру жоспарлары мен бағдарламаларын жасау және  бекіту;

*әдістемелік және   консультациялық қызмет көрсету;

*педагогикалык кадрлардың біліктілігін көтеруге көмектесу, оқу-тәрбиелеу мәселелері бойынша конференциялар, симпозиумдар, көрмелер ұйымдастыру және өткізу; 

* бөбекжай бақшаның барлық жағдайын және   режимін гигиена, дұрыс тамақтану, таза ауаны, суды және  күнді дұрыс пайдалану, ойындар мен дене жаттығуларын жүргізу, сонымен қатар аурудың алдын-алу бойынша жүргізілетін шаралардың тиісті талаптарына сәйкес баланың дұрыс дене дамуы мен дене шынықтыруын қамтамасыз ету;

* баланың ақыл-ойының қабілетін, сөйлеуін, еркіндігін, мінез-кұқығын дамыту, көркем-сурет тәрбиесін іске асыру, балалардың табиғатпен танысу, адамдармен әңгімелесуі, түрлі ойындар мен жаттығулар (сурет салу, әңгіме айту, оқу, музыка, ән салу) өткізу, сонымен қатар экскурсиялар мен серуендер арқылы қоршаған ортамен таныстыру;

* өзін-өзі карау кезінде балалардың дербестік дағдысын, тазалық дағдысын, еңбектену әдетін, заттарды дұрыс қолдануды, оларды ұқыпты және  құнттап ұстауға үйрету;

* логопункт немесе логотоптар құрылады, логопедтің басшылығымен диагнозына қарай, тілдік кемшіліктерін түзету жұмыстары жүргізіледі;

*балаларды тәртіпке үйрету, оларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, балалар мен үлкен кісілер арасында дұрыс ұстауын, үлкендерді сыйлауға, ата-аналарын сүюге үйрету;

*кәсіпорында шет тілдері, изостудия, хореография оку қызметтері немесе үйірмелер ұйымдастырылады;

* Кәсіпорынның тәрбие -білім беру жұмыстары балалардың әрі карай мектепке жақсы оқуына ықпал етеді.