Дуальды оқыту жүйесі негізіндегі тәлімгерлік жұмыстың маңызы. » «№15 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№15 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)52-16-94
Есепші бөлімі:
+7(7262)52-13-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дуальды оқыту жүйесі негізіндегі тәлімгерлік жұмыстың маңызы.
13
март
2024

Дуальды оқыту жүйесі негізіндегі тәлімгерлік жұмыстың маңызы.

2024 жылдың 13 наурыз күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының оқытушысы Серикова Забира Байдаулетовнаның ұйымдастыруымен 4 курс, Дш-1-20 тобының студенттеріне дуальды оқыту жүйесі негізіндегі бекітілген Тараз қаласы, № 15 бөбекжай-бақшасының тәлімгер болып, студенттерге бекітілген тәрбиешілері Қосарова Замира Шәдіқызы, Жуматаева Кульшат Сейтмахановна мектеп жасына дейінгі ересек және мектепалды топ балаларымен ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттерін демонстрациялады.
Тәлімгерлердің дуалды оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асырудағы негізгі міндеттері кәсіби тәжірибені беру, жұмыстың инновациялық тәсілдері мен әдістеріне оқыту, түлектердің кәсіптік білім деңгейі мен кәсіптік дағдыларын арттыру, студенттердің кәсіпорынмен ұзақ мерзімді еңбек қатынастарын орнатуға ынтасын арттыру және студенттерді кәсіпорынның корпоративтік мәдениетіне баулу болып табылады.
Болашақ тәрбиешілерді даярлауға арналған дуальды оқыту жүйесі студенттерге негізгі дағдыларды игеруге мүмкіндік береді, олар болашақта мектепке дейінгі базалық мекемелерде педагогикалық практикада бекітіліп, жетілдіріледі.
 Практика барысында студенттер маманның кәсіби қызметінің барлық бағыттары бойынша педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгереді. Студенттер болашақ кәсіби қызметтің негіздерін түсініп қана қоймай, сонымен қатар білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілерінің жеке дамуы үшін оңтайлы педагогикалық жағдайлар жасауға ықпал етеді.
 Педагогикалық практика процесінде болашақ тәрбиешінің "тұлғалық-қалыптастырушы" функциялары толығымен жүзеге асырылатындығын дәлелдеуге болады: студенттер өздері көрген ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Саттибаева Амина Лутипуллаевна, бөбекжай-бақшасының әдіскері Исабекова Фарида Айтжановнамен бірге талдау жасап, пікірлерімен бөлісті және ең бастысы тәжірибе жинақтады.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив